Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 6С-38/3 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес, Степногорск қалалық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 5 мамырдағы № 3/69 қаулысының негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ: 

1. Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 6С-38/3 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

№ 61 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Татьяна Ивановна Алмаеваның орнына «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» Ақмола облыстық филиалы ұсынған Әйгерім Қайыркенқызы Құсайынова сайлансын;

№ 62 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Динара Мырзахметқызы Әбдіқалықованың орнына «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Степногорск қалалық филиалы ұсынған Жанар Уәлиханқызы Ахметова сайлансын;

№ 63 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Ирина Николаевна Петухованың орнына «Қазақстан халық партиясы» Ақмола облыстық филиалы ұсынған Нұрсұлу Жүкенқызы Қабдуалиева сайлансын;

№ 65 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Наталья Александровна Демидованың орнына «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола областық ұйымы» қоғамдық бірлестігі Степногорск қалалық филиалы ұсынған Салтанат Оспанқызы Жетпісбаева сайлансын;

№ 70 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Айзада Амангелдіқызы Әбдірахманованың орнына «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола областық ұйымы» қоғамдық бірлестігі Степногорск қалалық филиалы ұсынған Иван Владимирович Котов сайлансын;

№ 70 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Татьяна Петровна Мамонованың орнына «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Степногорск қалалық филиалы ұсынған Гульнара Сергеевна Тулепбаева сайлансын;

№ 73 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Баян Сатыбалдықызы Бұланованың орнына «Қазақстан халық партиясы» Ақмола облыстық филиалы ұсынған Гүлназ Әнуарбекқызы Смағұлова сайлансын;

№ 73 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Сабина Мәуленқызы Нәбиеваның орнына «Ерлік» тірек-қозғалысы аппараты зақымданған мүгедектердің Степногорск қалалық қоғамы» қоғамдық бірлестігі ұсынған Меруерт Анарбекқызы Мұхамеджанова сайлансын;

№ 74 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Алданыш Есенкелдіқызы Молдахметованың орнына «Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалы ұсынған Махаббат Дәулетбекқызы Бейсембаева сайлансын;

№ 74 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Майжан Көкеннің орнына «Қазақстан халық партиясы» Ақмола облыстық филиалы ұсынған Инабат Бауыржанқызы Нұрбаева сайлансын;

№ 74 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Наталья Алексеевна Никитинаның орнына «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» Ақмола облыстық филиалы ұсынған Найна Төлегенқызы Серікбаева сайлансын;

№ 75 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Нұрәділ Мұратұлы Шәукеновтың орнына «Jana urpaq STEP» қоғамдық қоры ұсынған Ақмарал Жеңісқызы Аюпова сайлансын;

№ 75 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Әйгерім Елеусізқызы Күзембаеваның орнына «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола областық ұйымы» қоғамдық бірлестігі Степногорск қалалық филиалы ұсынған Хаджымұрат Ерденұлы Шәкенов сайлансын;

№ 89 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Мөлдір Қуатбекқызы Мұқанованың орнына «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола областық ұйымы» қоғамдық бірлестігі Степногорск қалалық филиалы ұсынған Жанерке Мейрамқызы Шәріп сайлансын;

№ 93 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Маржангүл Баяттың орнына «Jana urpaq STEP» қоғамдық қоры ұсынған Панвали Сералиевна Мергенбаева сайлансын.

2. Осы шешімнің көшірмесі Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясына жолдансын.

3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат

хатшысының м.а.                                                                                  А. Гетманов

Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 6С-38/3 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
02 июня 2022