Қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес, әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның өзіне жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі тыңдалды.
Есеп нәтижелері бойынша комиссия дене шынықтыру және бұқаралық спортпен айналысуға қатысты мәселелерді, сондай-ақ жалпы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін қарау бойынша белгілі бір жұмыс жүргізгені атап өтілді.
Сонымен бірге комиссия өз отырыстарын дайындаудың нысандары мен әдістерін әртараптандырып, көшпелі отырыстарды өткізуі керек.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі назарға алынсын және мақұлдансын.
2. Ұсынылсын:
1) өз қаулыларының іске асырылу барысын бақылау жөніндегі жұмыс күшейтілсін;
2) комиссия мүшелері қолданыстағы заңнама шеңберінде депутаттық сұрау салу құқығын белсенді пайдалансын.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
хатшысы Х. Кабар
Қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралыДата публикации
31 мая 2022