Степногорск қаласының білім беру жүйесінің жай-күйі мен даму перспективалары туралы
Ақмола облысы Білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы А.Қ. Оспанованың «Степногорск қаласының білім беру жүйесінің жай-күйі мен даму перспективалары туралы» баяндамасын тыңдап және талқылп, Степногорск қалалық мәслихаты қалалық білім бөлімінің құрылымында 24 мектеп жұмыс істейтінін атап өтті, оның ішінде: 2 кешкі, 19 жалпы білім беретін, 2 негізгі, 1 бастауыш мектеп. Олардың 9-ы қалалық, 8-і кенттік, 5-і ауылдық мектеп, оның ішінде 6 шағын жинақты мектеп. Оқушылардың жалпы саны – 9 646. Бөлімнің құрылымына 21 мектепке дейінгі білім беру ұйымы кіреді, оның ішінде: 9 мемлекеттік балабақша, 4 жеке меншік балабақша, 7 шағын орталық, олардың 2-і жеке меншік. МДБМ тәрбиеленушілерінің саны 2 496 баланы құрайды немесе барлық балаларды 100 % қамтиды. Қала мен кенттердегі қосымша білім беру ұйымдарының желісі 2 354 оқушыны қамтитын 5 ұйымнан тұрады.
Қаланың білім беру жүйесінде білім беру бөлімінің ведомстволық бағынысты ұйымдармен көпжылдық тығыз өзара байланыс жолға қойылған, қалада әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар мен жасөспірімдерді қолдау жөніндегі бағдарламалар табысты іске асырылуда. Мектепке дейінгі, жалпы білім беру және қосымша білім беру ұйымдарының желісін сақтау мен дамытудың арқасында қалада өскелең ұрпақтың жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін барлық мүмкіндіктер бар. Қаланың білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілерінің әртүрлі облыстық және республикалық конкурстарға, олимпиадаларға, жарыстарға қатысу нәтижелері, жүлделі орындар санының көп болуы қаладағы негізгі және қосымша білімнің жоғары сапасын, педагогтардың жұмысында сабақтастықтың болуын көрсетеді. Білім беру жүйесінде аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балаларды қолдауға көп көңіл бөлінеді, «Мектепке жол», «Баланы мектепке жинайық» және басқа да акциялар дәстүрге айналған. Іс-шараларды өткізуге қаражат «Жаппай оқыту» қорының қаражаты есебінен де, сондай-ақ қала кәсіпкерлері мен ұйымдарының қаражаты есебінен де көзделген.
Мәселені зерделеу шеңберінде қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы төрт мектептің, оның ішінде қаладағы екі мектептің және кенттердегі екі мектептің әкімшілігімен және ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырды. Оқу орындарын аралау барысында депутаттар материалдық-техникалық, кадрлық қамтамасыз етуді, тамақтануды ұйымдастыру жағдайын, оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етуді зерделеді. Әкімшілікпен кездесулер, мәселені талқылау барысында келесі мәселелер анықталды:
1) мамандық бойынша білікті педагогтардың жетіспеуіне байланысты жаратылыстану-математикалық цикл оқытушыларына жүктеменің артуы;
2) үлкен жүктеме мен қызметкерлердің жалақысының төмен болуына байланысты әкімшілік-шаруашылық персоналдың, әсіресе бухгалтерлердің жетіспеушілігі;
3) қаланың білім беру ұйымдарының Көкшетау және Нұр-Сұлтан қалаларының педагогикалық оқу орындарымен жас мамандарды практикаға тарту, одан әрі жұмысқа орналастыру бойынша тығыз өзара іс-қимыл жасау қажеттілігі;
4) мектептерді, әсіресе кенттік және ауылдық мектептерді күрделі жөндеуден өткізу қажеттілігі;
5) мектептердегі жаңа модификациялы жиһаздар мен кабинеттерді жаңарту қажеттілігі, мектепке дейінгі ұйымдарға қосымша жабдықтар мен жиһаздар сатып алу қажеттілігі.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақмола облысы Білім басқармасы Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы А.К. Оспанованың баяндамасы назарға алынсын.
2. Степногорск қаласы бойынша білім бөліміне:
1) Ақмола облысының және Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық жоғары оқу орындарымен қалаға жас педагог-түлектерді тарту бойынша тығыз жұмысты жолға қою;
2) жұмыспен қамту орталығы арқылы білім беру ұйымдарына бухгалтерлерді және әкімшілік-басқару персоналының басқа да қызметкерлерін тарту мәселесін шешу;
3) білім беру ұйымдарында күрделі жөндеу жүргізуге облыстық бюджеттен қаражат бөлу үшін бюджеттік өтінімдер мен басқа да қаржылық құжаттаманың дайындалуын бақылауға алу;
4) қала, кенттер мен ауылдар мектептерінің түлектерін кәсіптік бағдарлау жөніндегі жұмысты бақылауға алу, жас мамандарды қалаға кәсіпорындар мен қала ұйымдарына жұмысқа орналастыру арқылы қайтару жөніндегі жұмысты бастау ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегітұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
хатшысы Х. Кабар
Степногорск қаласының білім беру жүйесінің жай-күйі мен даму перспективалары туралыДата публикации
31 мая 2022