Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының он екінші сессиясының күн тәртібі туралы (екінші отырыс)

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының он екінші сессиясының екінші отырысының келесі күн тәртібі бекітілсін:

1) Степногорск қаласының білім беру жүйесінің жай-күйі мен даму перспективалары туралы;

Ақмола облысы Білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Алтын Қабдрашитқызы Оспанованың ақпараты;

2) Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы;

Степногорск қаласы ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығының директоры Нұрбану Хикметқызы Қалхаманованың ақпараты;

3) Қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы;

Қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Оксана Олеговна Волкова-Михальскаяның ақпараты;

4) Степногорск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 6С-26/5 «Степногорск қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы;

Степногорск қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Ербол Ердәулетұлы Сейітмағановтың ақпараты; 

5) Жетінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат

хатшысы                                                                                                        Х. Кабар

Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының он екінші сессиясының күн тәртібі туралы (екінші отырыс)
Дата публикации
31 мая 2022