Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының он екінші сессиясының жұмысына үзіліс жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Степногорск қалалық мәслихатының он екінші сессиясының жұмысына 2022жылғы 13 сәуірге дейін үзіліс жариялансын.
2. Степногорск қалалық мәслихатының он екінші сессиясының екінші отырысы 2022жылғы 13 сәуірсағат 15:00 қала әкімдігінің мәжіліс залында (6-қабатта) өткізілсін және онда келесі мәселелер қаралсын:
1) Степногорск қаласының білім беру жүйесінің жай-күйі мен даму перспективалары туралы;
2) Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы;
3) Қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы;
4) Степногорск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 6С-26/5 «Степногорск қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы;
5) Жетінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
хатшысы Х. Кабар
Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының он екінші сессиясының жұмысына үзіліс жариялау туралыДата публикации
31 мая 2022