Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 7С-9/8 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № А-3/75 «Степногорск қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 12 қазандағы № А-10/531 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 7С-9/8«Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
комиссия құрамына:
Степногорск қаласы Полиция басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Жанат Өміртайұлы Айбасов (келісім бойынша);
комиссия хатшысы ретінде Степногорск қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы Баян Болысбекқызы Дабаева енгізілсін;
комиссия құрамынан Нұржан Ермаханұлы Рахметоллаев, Анжелика Саматовна Серикова шығарылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
хатшысы Х. Кабар
Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 7С-9/8 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралыДата публикации
31 мая 2022