Степногорск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 5С-35/3 «Степногорск қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін келісу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5-тармағына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін келісу туралы» 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 5С-35/3шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Степногорск қаласындағы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың қалалық қатынастағы барлық маршруттары үшін біріңғай тариф келісілсін:

2022 жылдың 1 шілдесіне дейін:

ересектерге 140 (жүз қырық) теңге мөлшерінде, оның 60 (алпыс) теңгесін жолаушы төлейді, қалған сома қалалық бюджет қаражаты есебінен субсидияланады;

7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға 70 (жетпіс) теңге мөлшерінде, оның 30 (отыз) теңгесін жолаушы төлейді, қалған сома қалалық бюджет қаражаты есебінен субсидияланады;

7 жасқа дейінгі балаларға тегін;

2022 жылдың 1 шілдесінен бастап:

ересектерге 140 (жүз қырық) теңге мөлшерінде, оның 80 (сексен) теңгесін жолаушы төлейді, қалған сома қалалық бюджет қаражаты есебінен субсидияланады;

7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға 70 (жетпіс) теңге мөлшерінде, оның 40 (қырық) теңгесін жолаушы төлейді, қалған сома қалалық бюджет қаражаты есебінен субсидияланады;

7 жасқа дейінгі балаларға тегін.».

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат

хатшысы                                                                                                        Х. Кабар

Степногорск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 5С-35/3 «Степногорск қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін келісу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
31 мая 2022