Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылы атқарған жұмысы туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылы атқарған жұмысы туралы мәслихат хатшысы Х. Кабардың есебін тыңдап және талқылап, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихат хатшысы Х. Кабардың Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылы атқарған жұмысы туралы есебі назарға алынсын және мақұлдансын.
2. Депутаттарға:
1) мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлеу кезінде әкімдік бөлімдерімен өзара әрекеттесу сапасын арттыру;
2) депутаттық корпустың жұмысы туралы халықты уақтылы хабардар ету жөніндегі жұмысты жандандыру ұсынылсын.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
хатшысы Х. Кабар
Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылы атқарған жұмысы туралыДата публикации
31 мая 2022