Жетінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына келесі негізгі мәселелер енгізілсін:

1) Степногорск қаласының білім беру жүйесінің жай-күйі мен даму перспективалары туралы;

Ақмола облысы Білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Алтын Қабдырашитқызы Оспанованың ақпараты;

2) Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы жұмысы туралы;

Степногорск қалалық мәслихатының хатшысы Хайрым Кабардың ақпараты.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат

хатшысы                                                                                                        Х. Кабар

 

Жетінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы
Дата публикации
27 января 2022