Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Степногорск қалалық  мәслихаты ШЕШТІ: 

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат

хатшысы                                                                                                        Х. Кабар

 

 

Степногорск қалалық

мәслихатының

2021 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 7С-11/14 шешіміне

қосымша

 

 

Степногорск қалалық мәслихатының

2022 жылға арналған жұмыс жоспары

 

Қалалық мәслихаттың сессиялары

 

I тоқсан

1. Степногорск қаласының білім беру жүйесінің жай-күйі мен даму перспективалары туралы.

2. Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы жұмысы туралы.

 

II тоқсан

1. 2021 жылға арналған қала, кенттер, ауылдар және ауылдық округ бюджеттерін атқару туралы жылдық есепті бекіту туралы.

 

III тоқсан

1. Қала әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі.

 

IV тоқсан

1. 2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті туралы.

2. 2023-2025 жылдарға арналған кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтің бюджеттері туралы.

 

 

 

Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы
Дата публикации
27 января 2022