Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 6С-38/3 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес, Степногорск қалалық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 20 қазандағы № 18/64, 2021 жылғы 21 қазандағы № 19/65, 2021 жылғы 5 қарашадағы № 20/66 қаулыларының негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ: 

1. Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 6С-38/3 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

№ 72 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Татьяна Петровна Хаустованың орнына «ADAL» саяси партиясы» Ақмола облыстық филиалы ұсынған Надежда Анатольевна Колбасова сайлансын;

№ 81 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Байрам Мақсұтұлы Әлиевтің орнына «Nur Otan» партиясы Степногорск қалалық филиалы ұсынған Бинұр Серікбайұлы Ырысқұлов сайлансын;

№ 95 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Дариға Зайриденқызы Қожанованың орнына «Nur Otan» партиясы Степногорск қалалық филиалы ұсынған Рымгүл Абайқызы Қуанышпаева сайлансын.

2. Осы шешімнің көшірмесі Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясына жолдансын.

3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат хатшысы                                                                    Х. Кабар

Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 6С-38/3 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
27 января 2022