Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3992 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
1) Жеңіс күні – 9 мамыр;
2) Қарттар күні – 1 қазан;
3) Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – 30 тамыз.»;
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Әлеуметтік көмек бір рет көрсетіледі:
1) 9 мамыр – Жеңіс күніне:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
еңбек ардагерлеріне;
«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;
2) Қарттар күніне:
ең төмен, төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшерін алатын зейнеткерлерге;
3) Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне:
зейнеткерлік жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедектерге;
мүгедек баланы тәрбиелейтін адамдарға.».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қалалық
мәслихатының хатшысы Х. Кабар
Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралыДата публикации
27 января 2022