Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының он бірінші сессиясының жұмысына үзіліс жариялау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Степногорск қалалық мәслихатының он бірінші сессиясының жұмысына 2021жылғы 24 желтоқсанға дейін үзіліс жариялансын.

2. Степногорск қалалық мәслихатының он бірінші сессиясының екінші отырысы 2021жылғы 24 желтоқсансағат 15:00 қашықтық режимінде өткізілсін және онда келесі мәселелер қаралсын:

1) 2022-2024 жылдарға арналған кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтің бюджеттері туралы;

2) Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

3) Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 6С-61/3 «Степногорск қаласы аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы;

4) Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 6С-38/3 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

5) Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы;

6) 2022 жылға арналған Степногорск қалалық мәслихатының қызметін қамтамасыз ету және оның аппаратын ұстауға арналған шығындарды анықтау туралы;

7) Жетінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат

хатшысы                                                                                                        Х. Кабар

Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының он бірінші сессиясының жұмысына үзіліс жариялау туралы
Дата публикации
27 января 2022