2022-2024 жылдарға арналған қала бюджеті туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. 2022-2024 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 9 249 947 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 4 640 898 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 27 556 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 36 391 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 4 545 102 мың теңге;

2) шығындар – 10 000 123 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – - 176 994 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 18 378 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 195 372 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 36 000 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 36 000 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 609 182 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 609 182 мың теңге.

2. 2022 жылға арналған қала бюджетінде областық бюджеттен берілетін 2 119 090 мың теңге сома субвенция көзделгені есепке алынсын.

3. 2022 жылға арналған қала бюджетінің түсімдер құрамында облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер 4-қосымшаға сәйкес есепке алынсын.

4. 2022 жылға арналған қала бюджетінде қалалық бюджеттен кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтің бюджеттеріне берілетін 252 378 мың теңге сома субвенциялар көлемдері көзделгені есепке алынсын, соның ішінде:

Ақсу кенті – 40 289 мың теңге;

Бестөбе кенті – 26 320 мың теңге;

Заводской кенті – 31 329 мың теңге;

Шаңтөбе кенті – 37 908 мың теңге;

Қарабұлақ ауылы – 37 258 мың теңге;

Изобильный ауылы – 27 058 мың теңге;

Қырық құдық ауылы – 28 526 мың теңге;

Бөгенбай ауылдық округі – 23 690 мың теңге.

5. Қаланың жергілікті атқарушы органының 2022 жылға арналған резерві 50 000 мың теңге сомасында бекітілсін.

6. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Степногорск қалалық

мәслихатының хатшысы                                                                                   Х. Кабар

2022-2024 жылдарға арналған қала бюджеті туралы
Дата публикации
27 января 2022