«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының он бірінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1) 2022-2024 жылдарға арналған қала бюджеті туралы;
Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты;
2) 2022 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы;
Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты;
3) Степногорск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 6С-25/11 «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы;
Степногорск қаласы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Дархан Қайырбайұлы Оспановтың ақпараты;
4) Степногорск қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы;
Степногорск қаласы әкімі аппараты ұйымдық-бақылау бөлімінің басшысы Асқар Шапағатұлы Қасеновтің ақпараты;
5) Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамын бекіту туралы;
Степногорск қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Жанатқызы Құсайынованың ақпараты;
6) Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы;
Степногорск қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Жанатқызы Құсайынованың ақпараты.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
хатшысы Х. Кабар