Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/10 «Степногорск қаласының әкімшілік шекараларындағы елді мекендердің жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/10 «Степногорск қаласының әкімшілік шекараларындағы елді мекендердің жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.