Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 6С-61/2 «2021-2023 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Степногорск қалалық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 6С-61/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8299 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2021-2023 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, соның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 8 204 490,6 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 3 894 137,7 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 44 888,6 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 76 805,5 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 4 188 658,8 мың теңге;

2) шығындар – 8 802 968,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – - 3 709,2 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 3 709,2 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 93 142 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 93 142 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 687 910,8 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 687 910,8 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Степногорск қалалық

мәслихатының хатшысы                                                                                     Х. Кабар

 

Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 6С-61/2 «2021-2023 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
03 декабря 2021