Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының оныншы (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібі туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының оныншы (кезектен тыс) сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

1) Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 6С-61/2 «2021-2023 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты;

2) Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/10 «Степногорск қаласының әкімшілік шекараларындағы елді мекендердің жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы;

Степногорск қаласы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Дархан Қайырбайұлы Оспановтың ақпараты;

3) Степногорск қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту туралы;

Степногорск қаласы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Дархан Қайырбайұлы Оспановтың ақпараты.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат

хатшысы                                                                                                        Х. Кабар

Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының оныншы (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібі туралы
Дата публикации
03 декабря 2021