Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 6С-38/3 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес, Степногорск қалалық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 25 маусымдағы № 10/56, 2021 жылғы 29 маусымдағы № 12/58 қаулыларының негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 6С-38/3 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
№ 88 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Айгерім Амангелдіқызы Жағыпарованың орнына «Қазақстан халық партиясы» Ақмола облыстық филиалы ұсынған Сәуле Темірболатқызы Қамзина сайлансын;
№ 90 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Людмила Ивановна Ширяеваның орнына «Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалы ұсынған Әсемгүл Қабдылкәрімқызы Еркетаева сайлансын.
2. Осы шешімнің көшірмесі Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясына жолдансын.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
хатшысы Х. Кабар
Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 6С-38/3 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралыДата публикации
03 декабря 2021