Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы көліктегі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 14 қазандағы № А-10/540 «Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы көліктегі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құру туралы» қаулысының негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ: 

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы көліктегі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрамы бекітілсін.

2. Күші жойылды деп танылсын:

1) Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 18 наурыздағы № 7С-3/7 «Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы көліктегі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешімі;

2) Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 8 қыркүйектегі № 7С-7/10 «Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 18 наурыздағы № 7С-3/7 «Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы көліктегі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі.

3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат

хатшысы                                                                                                        Х. Кабар

 

 

 

Степногорск қалалық мәслихатының

2021 жылғы 10 қарашадағы № 7С-9/13 шешіміне

қосымша

 

 

Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы

көліктегі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету

жөніндегі комиссия құрамы

 

Шабаров Сағындық Серікбайұлы

-

Степногорск қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы

Жолдас Самат Тайлақұлы

-

Степногорск қаласы полиция басқармасының Әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Мансуров Давид Рафикович

-

Степногорск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің әдіскері, комиссия хатшысы 

Комиссия мүшелері:

Гетманов Алексей Сергеевич

-

Степногорск қалалық мәслихатының депутаты (келісім бойынша)

Жұмабаев Қайрат Қайыркенұлы

-

Степногорск қаласы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы

Козейчук Владимир Алексеевич

-

Степногорск қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Мақшанов Талғат Жұмағалиұлы

-

Степногорск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы 

Сүлейменова Қымбат Көшкінбайқызы

-

Степногорск қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы

 

Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы көліктегі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы
Дата публикации
03 декабря 2021