Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 12 қазандағы № А-10/531 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» қаулысының негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамы бекітілсін.

2. Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 18 наурыздағы № 7С-3/8 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша комиссия құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат

хатшысы                                                                                                        Х. Кабар

 

 

 

 

 

Степногорск қалалық

мәслихатының

2021 жылғы 10 қарашадағы

№ 7С-9/8 шешіміне

қосымша

 

 

Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамы

 

Қайыржанов Алпысбай Қуандықұлы

-

Степногорск қаласының әкімі, комиссия төрағасы

Мұқатов Нұрлан Зияйденұлы

-

Степногорск қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары

Серикова Анжелика Саматовна

-

Степногорск қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы

Комиссия мүшелері:

Аветисян Арсен Маисович

-

Степногорск қалалық мәслихатының депутаты (келісім бойынша)

Волчек Татьяна Андреевна

-

Степногорск қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы

Құсайынова Ләззат Жанатқызы

-

Степногорск қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы

Рахметоллаев Нұржан Ермаханұлы

-

Ақмола облысы полиция департаментінің Степногорск қаласы полиция басқармасының бастығы (келісім бойынша)

Рымбаев Самат Дүйсенғазыұлы

-

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Степногорск қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы (келісім бойынша)

Сүлейменова Қымбат Көшкінбайқызы

-

Степногорск қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы

Төлегенова Шолпан Қуанышқызы           

-

Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы

Хабибуллина Зульфия Төлешқызы

-

«Nur Otan» партиясы Степногорск қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Степногорск қалалық мәслихатының депутаты (келісім бойынша)



Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы
Дата публикации
03 декабря 2021