Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының тоғызыншы (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібі туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының тоғызыншы (кезектен тыс) сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

1) Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 6С-61/2 «2021-2023 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты;

2) Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-61/8 «2021-2023 жылдарға арналған кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты;

3) Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы бюджеттік комиссияның құрамын бекіту туралы;

Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты;

4) Степногорск қаласы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және пайдалану жоспарын бекіту туралы;

Степногорск қаласы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Дархан Қайырбайұлы Оспановтың ақпараты;

5) К.А. Дорошқа «Степногорск қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы;

Степногорск қаласы әкімі аппараты ұйымдық-бақылау бөлімінің басшысы Асқар Шапағатұлы Қасеновтің ақпараты;

6) Степногорск қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы;

Степногорск қаласы әкімі аппараты ұйымдық-бақылау бөлімінің басшысы Асқар Шапағатұлы Қасеновтің ақпараты;

7) Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы;

Степногорск қаласы әкімі аппараты ұйымдық-бақылау бөлімінің басшысы Асқар Шапағатұлы Қасеновтің ақпараты;

8) Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi комиссияның құрамын бекіту туралы;

Степногорск қаласы әкімі аппараты ұйымдық-бақылау бөлімінің басшысы Асқар Шапағатұлы Қасеновтің ақпараты;

9) Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы;

Степногорск қаласы әкімі аппараты ұйымдық-бақылау бөлімінің басшысы Асқар Шапағатұлы Қасеновтің ақпараты;

10) Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 18 наурыздағы № 7С-3/10 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Степногорск қаласы әкімі аппараты ұйымдық-бақылау бөлімінің басшысы Асқар Шапағатұлы Қасеновтің ақпараты;

11) Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясы құрамын бекіту туралы;

Степногорск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Жұмағалиұлы Мақшановтың ақпараты;

12) Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы көліктегі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы;

Степногорск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Жұмағалиұлы Мақшановтың ақпараты;

13) Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 6С-38/3 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Степногорск қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Ербол Ердәулетұлы Сейітмағановтың ақпараты;

14) Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 27 мамырдағы № 7С-4/3 «Жекелеген санаттағы адамдарға материалдық көмек көрсету бойынша қосымша шаралар белгілеу туралы» шешімінің күшін жою туралы;

Степногорск қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Ербол Ердәулетұлы Сейітмағановтың ақпараты.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат

хатшысы                                                                                                        Х. Кабар

Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының тоғызыншы (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібі туралы
Дата публикации
02 декабря 2021