Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 18 наурыздағы № 7С-3/6 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясы құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № А-8/355 «Степногорск қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № а-2/47 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясын құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясы құрамын бекіту туралы» 2021 жылғы 18 наурыздағы № 7С-3/6 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

комиссия құрамына, комиссия төрағасының орынбасары ретінде, Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Сағындық Серікбайұлы Шабаров енгізілсін;

комиссия құрамынан Ермек Базарбайұлы Қарағаев шығарылсын.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

Степногорск қалалық

мәслихатының хатшысы                                                                              Х. Кабар

 

 

Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 18 наурыздағы № 7С-3/6 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясы құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
24 сентября 2021