Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 27 мамырдағы № 7С-4/5 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 9 тамыздағы № А-8/358 «Степногорск қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 1 сәуірдегі № а-3/114 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» 2021 жылғы 27 мамырдағы № 7С-4/5 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
комиссия құрамына, комиссия төрағасының орынбасары ретінде, Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Сағындық Серікбайұлы Шабаров енгізілсін;
комиссия құрамынан Ермек Базарбайұлы Қарағаев шығарылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қалалық
мәслихатының хатшысы Х. Кабар
Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 27 мамырдағы № 7С-4/5 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралыДата публикации
24 сентября 2021