Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 18 наурыздағы № 7С-3/9 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 9 тамыздағы № А-8/357 «Степногорск қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 1 наурыздағы № а-3/79 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссия құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы көліктегі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» 2021 жылғы 18 наурыздағы № 7С-3/9 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
комиссия құрамына Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Алтын Қабдрашитқызы Оспанова (келісім бойынша) енгізілсін;
«Шабаров Сағындық Серікбайұлы – Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы (келісім бойынша)» деген жол
«Шабаров Сағындық Серікбайұлы – Степногорск қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары» деген жолмен ауыстырылсын;
комиссия құрамынан Ермек Базарбайұлы Қарағаев шығарылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қалалық
мәслихатының хатшысы Х. Кабар
Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 18 наурыздағы № 7С-3/9 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралыДата публикации
24 сентября 2021