Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының жетінші (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының жетінші (кезектен тыс) сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1) Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 6С-61/2 «2021-2023 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты;
2) Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-61/8 «2021-2023 жылдарға арналған кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты;
3) Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы бюджеттік комиссияның құрамын бекіту туралы;
Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты;
4) Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 қазандағы № 6С-58/3 «Степногорск қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Степногорск қаласының ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әсем ҚайыргелдіқызыҚалиақапарованың ақпараты;
5) Степногорск қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы;
Степногорск қаласы әкімі аппаратының басшысы Ермек Қуандықұлы Дәукеновтың ақпараты;
6) Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 18 наурыздағы № 7С-3/9 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласы әкімі аппаратының басшысы Ермек Қуандықұлы Дәукеновтың ақпараты;
7) Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 27 мамырдағы № 7С-4/5 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласы әкімі аппаратының басшысы Ермек Қуандықұлы Дәукеновтың ақпараты;
8) Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 18 наурыздағы № 7С-3/6 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясы құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Жұмағалиұлы Мақшановтың ақпараты;
9) Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 18 наурыздағы № 7С-3/7 «Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы көліктегі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Жұмағалиұлы Мақшановтың ақпараты;
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қалалық
мәслихатының хатшысы Х. Кабар
Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының жетінші (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібі туралыДата публикации
24 сентября 2021