Степногорск қалалық мәслихатының 2017 жылғы 27 қарашадағы № 6С-22/7 «Степногорск қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы» 2017 жылғы 27 қарашадағы № 6С-22/7шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына, «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:»;
жоғарыда аталған шешіммен бекітілген Степногорск қалалық мәслихатының регламентінде:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Степногорск қалалық мәслихатының регламенті (бұдан әрі – регламент) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабына сәйкес әзірленді және мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу, оларға мәселелер енгiзу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау, халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есептер беру, депутаттардың сауалдарын қарау тәртiбi, мәслихаттағы депутаттық бiрлестiктердiң өкiлеттiктерi, қызметiн ұйымдастыру, сондай-ақ дауыс беру тәртiбi, аппарат жұмысын ұйымдастыру және басқа да рәсiмдiк және ұйымдастырушылық мәселелерін белгілейді.»;
31 және 32-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«31. Мәслихат тиісті аумақ әкімінің есептерін тыңдау жолымен тиісті жергілікті бюджеттің, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметті бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
32. Мәслихат «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына сәйкес сессияда тиісті аумақ әкімінің есебін тыңдайды.
Әкімнің (оның міндетін атқарушы адамның) өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі және ол бойынша шешімнің жобасы тиісті сессияға дейін үш апта бұрын мәслихаттың тұрақты комиссияларының қарауына енгізіледі.
Мәслихаттың әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады:
Әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселені мәслихаттың қарауы үшін негіздер болып табылады:
1) әкім ұсынған аумақты дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының орындалуы, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептерді мәслихаттың екі рет бекітпеуі;
2) жергілікті қоғамдастық жиналысының ауыл, кент, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасауы.
Ауыл, кент, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау Заңның 39-3 бабына сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен расталады.»;
34-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«34. Мәслихат жыл сайын тексеру комиссиясының бюджеттің атқарылуы туралы есебін қарайды.».
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
хатшысы Х. Кабар
Степногорск қалалық мәслихатының 2017 жылғы 27 қарашадағы № 6С-22/7 «Степногорск қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралыДата публикации
14 сентября 2021