Қала әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі туралы

Степногорск қаласының әкімі Е.Е. Баяхметовтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебін тыңдап және талқылап, қалалық мәслихат 2021 жылдың бірінші жарты жылында аймақ экономикасы дамуының оң қарқыны сақталғанын атап өтеді.

Шығарылатын өнеркәсіп өнімінің көлемі 85 992,5 млн. теңгені құрады, өнеркәсіп өндірісінің индексі – 102,7 %.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі – 2 091,7 млн. теңге, нақты көлем индексі – 100,7 %.

Негізгі капиталға инвестиция көлемі – 24 087,4 млн. теңге, нақты көлем индексі – 133,9 %.

Құрылыс жұмыстарының көлемі – 2 189,2 млн. теңге, нақты көлем индексі – 128,2 %.

Түрлі салаларда 3 314, немесе 2020 жылдың деңгейіне 101,1 %, шағын және орта бизнес субъектілері қызметін жүзеге асырады. Жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі, тіркелгендер қатарында – 90,3 %.

Ағымдағы жылы «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы шеңберінде: 85,7 млн. теңге кредит сомасына 13 жоба субсидияланады, 10 жоба 227,7 млн. теңге сомасына кепілдік алды.

Сонымен қатар, объективті себептер бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру (2020 жылғы деңгейге қарағанда 55,6 %) және бөлшек сауда тауар айналымы (нақты көлем индексі – 98,8 %) көрсеткіштерінің төмендегені байқалады.

Орташа айлық жалақының өсуі байқалады, ол 231 873 теңгені немесе өткен жылдың деңгейіне 114,9 %-ды құрады.

Білім беру, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларындағы негізгі көрсеткіштерді жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы Жарлығына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Степногорск қаласының әкімі Е.Е. Баяхметовтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі мақұлдансын және бекітілсін.

2. Степногорск қаласының әкімдігіне:

1) мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалар аясында барлық индикаторлар мен көрсеткіштерді атқару бойынша жұмысты жалғастыру;

2) қала экономикасы жағдайына бақылау жүргізу жұмысын жалғастыру, өндіріс пен шағын бизнесте жұмыс істейтін халық санының қысқаруына жол бермеу;

3) қала және кеттер инфрақұрылымын жақсарту, жолдарды ағымдағы жөндеуді жалғастыру ұсынылсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.

4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат

хатшысы                                                                                                        Х. Кабар

Қала әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі туралы
Дата публикации
14 сентября 2021