Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының алтыншы сессиясының күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының алтыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1) Қала әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі;
Степногорск қаласының әкімі Еркебұлан Еркешұлы Баяхметовтың ақпараты;
2) Степногорск қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы;
Степногорск қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Ербол Ердәулетұлы Сейітмағановтың ақпараты;
3) Степногорск қалалық мәслихатының 2017 жылғы 27 қарашадағы № 6С-22/7 «Степногорск қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Ербол Ердәулетұлы Сейітмағановтың ақпараты;
4) Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 27 мамырдағы № 7С-4/9 «Жетінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы;
Степногорск қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Ербол Ердәулетұлы Сейітмағановтың ақпараты;
5) Жетінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
хатшысы Х. Кабар
Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының алтыншы сессиясының күн тәртібі туралыДата публикации
13 сентября 2021