Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 14 ақпандағы № 6С-39/6 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы» 2019 жылғы 14 ақпандағы № 6С-39/6 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
кеңес құрамына:
Қалхаманова Нұрбану Хикметқызы – Степногорск қаласы ішкі саясат бөлімінің «Степногорск қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры, кеңес хатшысы ретінде;
Бексұлтанова Қарлығаш Сапарғалиқызы – «Мақсат» колледжінің директоры (келісім бойынша);
Бекмағамбетов Азат Амангелдіұлы – «Қырық құдық ауылының орта мектебі» КММ директоры;
Шүкірбай-қызы Ләззат – Степногорск қалалық мәслихатының депутаты (келісім бойынша) енгізілсін;
«Коваленко Кристина Рамисовна – «Таңшолпан» жасөспірімдер жастар орталығының үйлестірушісі (келісім бойынша)» жолы
«Сафиуллина Кристина Рамисовна – «Таңшолпан» жасөспірімдер жастар орталығының үйлестірушісі (келісім бойынша)» жолымен ауыстырылсын;
кеңес құрамынан Қарабаева Меруерт Мұратқызы, Жағыпаров Олжас Аманжолұлы, Иванченко Наталья Алексеевна, Идрисова Гүлнар Кенжебекқызы шығарылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, қалалық
мәслихат хатшысының Х. Кабар
Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 14 ақпандағы № 6С-39/6 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралыДата публикации
03 августа 2021