Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 18 наурыздағы № 7С-3/6 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясы құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясы құрамын бекіту туралы» 2021 жылғы 18 наурыздағы № 7С-3/6 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
комиссия құрамына:
Баязитов Бахтияр Әлімжанұлы – Степногорск қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі;
Бектасова Жанар Сағынайқызы – Степногорск қаласы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің басшысы;
Серикова Анжелика Саматовна – Степногорск қаласы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімі басшысының міндетін атқарушы енгізілсін;
комиссия құрамынан Смағұлова Гүлназ Әнуарбекқызы, Сүлейменова Қымбат Көшкінбайқызы шығарылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, қалалық
мәслихат хатшысының Х. Кабар
Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 18 наурыздағы № 7С-3/6 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясы құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралыДата публикации
03 августа 2021