Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының бесінші (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының бесінші (кезектен тыс) сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1) Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 6С-61/2 «2021-2023 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты;
2) Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-61/8 «2021-2023 жылдарға арналған кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты;
3) Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы көктемгі егіс-егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік операторды айқындау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы;
Степногорск қаласы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Дархан Қайырбайұлы Оспановтың ақпараты;
4) Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 18 наурыздағы № 7С-3/6 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясы құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Асылбек Мұратбекұлы Сафарбаевтың ақпараты;
5) Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 14 ақпандағы № 6С-39/6 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласы ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығының директоры Нұрбану Хикметқызы Қалхаманованың ақпараты.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, қалалық
мәслихат хатшысы Х. Кабар
Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының бесінші (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібі туралыДата публикации
02 августа 2021