Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер телімдеріне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын беру жөніндегі жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 15-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 мамырдағы № А-5/184 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер теліміне құқық беру жеке меншікке немесе жер пайдалануға беру жөніндегі жер комиссия құрамын және ережесін бекіту туралы» қаулысының негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ: 

  1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер телімдеріне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын беру жөніндегі жер комиссиясыныңқұрамы бекітілсін.

  2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер телімдеріне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын беру жөніндегі жер комиссиясыныңережесі бекітілсін.

  3. Күші жойылды деп танылсын:

1) Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 6С-51/5 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер телімдерін жеке меншікке немесе пайдалану құқықтарын беру жөніндегі комиссия құрамын және ережесін бекіту туралы» шешімі;

2) Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №  6С-57/5 «Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 6С-51/4 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер телімдерін жеке меншікке немесе пайдалануға беру жөніндегі комиссия құрамын және ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат                                                                         Қалалық мәслихат

сессиясының төрағасы                                                                  хатшысы 

                                  Н. Әбілов                                                                                         Х. Кабар

 

 

 

Степногорск қалалық

мәслихатының

2021 жылғы 27 мамырдағы  

№ 7С-4/4 шешіміне

1-қосымша

 

 Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер телімдеріне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын беру жөніндегі жер комиссиясының құрамы

 

Мұқатов Нұрлан Зияйденұлы

-

Степногорск қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы

Оспанов Дархан Қайырбайұлы

-

Степногорск қаласы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары 

Нұрабаев Дәурен Саятұлы 

-

Степногорск қаласы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің жер қатынастары секторының меңгерушісі, комиссия хатшысы

Комиссия мүшелері:

Әбілов Нәсіболла Төлегенұлы

-

Степногорск қалалық мәслихатының депутаты (келісім бойынша)

Баймақов Олжас Нұрланұлы

-

Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасының Степногорск қалалық филиалының директоры (келісім бойынша)

Грибалев Александр Николаевич

-

«Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС директоры (келісім бойынша)

Жағыпаров Олжас Аманжолұлы

-

Степногорск қалалық мәслихатының депутаты (келісім бойынша)

Жұмабаев Қайрат Қайыркенұлы

-

Степногорск қаласы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы

Кабар Хайрым

-

Степногорск қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, Степногорск қалалық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша)

Қинаятов Данияр Абайұлы

-

«Limfa Si» ЖШС директоры (келісім бойынша)

Құсманов Жәнібек Дәулетбекұлы

-

Степногорск қалалық мәслихатының депутаты (келісім бойынша)

Нурбаева Клавдия Сергеевна

-

Степногорск қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, Степногорск қаласының «SATELLIT» неміс ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша)

Серикова Анжелика Саматовна

-

Степногорск қаласы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімі басшысының міндетін атқарушы

Самусевич Евгений Викторович

-

«Табыс-Агро ӨКФ» ЖШС директоры (келісім бойынша)

Степногорск қаласы кенттерінің, ауылдарының және ауылдық округтерінің әкімдері және жергілікті қоғамдастық жиналысы жіберген кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтің жергілікті халқының өкілдері комиссия мүшелері болып табылады және Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес өздеріне ведомстволық бағынысты кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтің әкімшілік-аумақтық шекараларында орналасқан жер учаскелері берілген жағдайларда қатысады.

 

 

Степногорск қалалық

мәслихатының

2021 жылғы 27 мамырдағы  

№ 7С-4/4 шешіміне

2-қосымша

 

Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер телімдеріне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын беру жөніндегі жер комиссиясының ережесі

 

1. Жалпы ережелар

  1. Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер телімдеріне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын беру жөніндегі жер комиссиясы (бұдан әрі – Жер комиссиясы)Қазақстан Республикасының Жер кодексін атқару мақсатында құрылған.

  2. Жер комиссиясының құрамын жергілікті атқарушы орган қалыптастырады және тиісті жергілікті өкілді органға бекітуге жібереді.

Жер комиссиясының құрамына:

1) жергілікті өкілді органның депутаттары;

2) қаланың уәкілетті органының, тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері;

3) қоғамдық кеңестердің, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдардың және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері;

4) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес жер учаскелерін берілген жағдайда жер комиссиясының құрамына:

1) жер учаскесі аумағында орналасқан кент, ауыл, ауылдық округ әкімі;

2) жергілікті қоғамдастық жиналысы жіберген, тиісті кенттің, ауылдың, ауылдық округтің жергілікті халық өкілдері де кіреді.

Қаланың жергілікті атқарушы органының ұйғаруы бойынша Жер комиссиясының құрамына басқа адамдар да кіруі мүмкін.

Жер комиссиясы тұрақты негізде жұмыс істейді. Жер комиссиясы мүшелерінің саны тақ болуға және тоғыз адамнан кем болмауға тиіс. Бұл ретте қоғамдық кеңес, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің саны жер комиссиясы мүшелері жалпы санының кемінде елу пайызын құрауға тиіс.

Жер комиссиясының құрамы, төрағасын және осы тармақтың екінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында және үшінші бөлігінің 1) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, бүкіл құрамы ауыстырыла отырып, келесі күнтізбелік он екі ай өткен соң жыл сайын бекітіледі.

Жер комиссиясының төрағасы болып әкімнің жер мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары тағайындалады.

Жер комиссиясының жұмыс органы «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Жер комиссиясының хатшысы жұмыс органының лауазымды адамдарының арасынан айқындалады. Жер комиссиясының хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

Жер комиссиясының отырысы, егер оған комиссия құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, құқыққа сыйымды деп есептеледі. Бұл ретте қоғамдық кеңестің, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдардың және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қатысып отырған өкілдерінің саны Жер комиссиясының қатысып отырған мүшелері жалпы санының кемінде елу пайызын құрауға тиіс. Жер комиссиясының мүшелері оның отырыстарына ауыстыру құқығынсыз қатысады.

Жер комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысып отырған жер комиссиясы мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен айқындалады және егер оған Жер комиссиясы мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, шешім қабылданды деп есептеледі.

Жер комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда, комиссиясының мүшесі ерекше пікірін білдіруге құқылы, бұл жазбаша түрде баяндалуға және комиссиясының шешіміне қоса берілуге тиіс.

Жер комиссиясының отырысы аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен міндетті түрде тіркеледі. Жер комиссиясының отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен тіркеуді қаланың жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

Жер комиссиясының хаттамалық шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін. Сотқа арыз беру жер комиссиясының хаттамалық шешімінің орындалуын тоқтата тұрады.

Жер комиссиясы оң қорытындысының бір данасы жерге орналастыру жобасын дайындауы үшін өтініш берушіге бес жұмыс күні ішінде беріледі.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес берілетін жер учаскелерін қоспағанда, жер комиссиясы оң қорытындысының қолданылу мерзімі қабылданған күнінен бастап бір жылды құрайды. Біржылдық мерзімді өткізіп алу қаланың жергілікті атқарушы органның жер учаскесiне құқық беруден бас тарту туралы шешiм қабылдауы үшін негіз болып табылады.

  1. 3. Жер комиссиясы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, сондай-ақ осы Ережеге және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

  2. Жер комиссиясы өз қызметінде заңдылық, лауазымды тұлғалардың өз істеріне және қабылдайтын шешімдеріне жауаптылық қағидаларын басшылыққа алады.

  3. Жер комиссиясы төраға, оның орынбасары, хатшы және комиссия мүшелерінен тұрады.

 

  1. Жер комиссияның негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары

 

  1. Жер комиссиясының негізгі міндеттері ол жер учаскелеріне құқықтар беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініштерді (өтінімдерді) қарау және қорытындыларды дайындау.

  2. Заңнамада белгіленген тәртіппен жер комиссиясында жұмыс істеу үшін сарапшылар мен консультанттарды тарту.

  3. Жер комиссиясы өз құзіреті шегінде қала әкімдігінен, кенттер, ауылдар және ауылдық округ әкімдіктерінен, Степногорск қаласы әкімінен, басқа мемлекеттік органдардан өзіне жүктелген міндеттерді атқаруға қажет ақпаратты, құжаттарды және материалдарды сұратуға құқылы.

3. Жер комиссия қызметін ұйымдастыру

  1. Жер комиссиясының отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі.

  2. Жер комиссиясының төрағасы Комиссия қызметін басқарады және оның отырыстарында төрағалық етеді.

  3. Төраға жоқ кезде оның міндеттерін төраға орынбасары атқарады.

  4. Жер комиссиясының хатшысы:

1) Жер комиссиясының мүшелерін отырыс уақыты мен орны туралы ақпараттандырады;

2) Жер комиссиясы отырысына материалдарды әзірлеуді ұйымдастырады;

3) Жер комиссиясы отырысының хаттамаларын жазады;

4) Жер комиссиясы төрағасының тапсырмасы бойынша өзге функцияларды атқарады.

 

4. Қорытынды ережелер

  1. Жер комиссиясының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету әкім аппаратына жүктеледі.

  2. Комиссия қызметі таратылған сәттен бастап тоқтатылады.

Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер телімдеріне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын беру жөніндегі жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы
Дата публикации
22 июня 2021