Жекелеген санаттағы адамдарға материалдық көмек көрсету бойынша қосымша шаралар белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 17-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қалалық бюджет есебінен ай сайын ақшалай төлем түрінде алтыайлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек көрсету бойынша қосымша шаралар белгіленсін.

2. Материалдық көмек «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасызету бойынша Степногорск қалалық бөлімі ұсынған тізімдернегізінде көрсетілсін.

3. Материалдық көмекті төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен жүргізілсін.

4. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Степногорск қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

5. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қалалық мәслихат                                                                       Қалалық мәслихат

сессиясының төрағасы                                                                хатшысы

                                  Н. Әбілов                                                                                                Х. Кабар

Жекелеген санаттағы адамдарға материалдық көмек көрсету бойынша қосымша шаралар белгілеу туралы
Дата публикации
22 июня 2021