2020 жылға арналған қала, кенттер, ауылдар және ауылдық округ бюджеттерін атқару туралы жылдық есепті бекіту туралы
Бюджетті жоспарлау және атқару жөніндегі уәкілетті органның есебін, Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Д.М. Нұрмағанбетовтың баяндамасын тыңдап және талқылап, Степногорск қалалық мәслихаты қала әкімдігімен 2020 жылға арналған бюджетті сапалы орындау бойынша белгілі бір жұмыс жүргізілгенін, өнеркәсіптік өндіріс пен ауыл шаруашылығын дамытуда белгілі бір көрсеткіштерге қол жеткізілгенін атап өтеді.
2020 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 195 762,2 млн. теңгені немесе 2019 жылға 118,1 % (2019 жылы – 165 779,6 млн. теңге) құрады. НКИ – 95,7 %, төмендеу «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК «СТКХК» ЖШС-ға өңдеуге жеткізетін құрамында уран бар шикізат жеткізілімінің 18 %, «ЕПК Степногорск» АҚ-да подшипниктерге тапсырыстар көлемінің 31 % төмендеуіне байланысты. Ақмола облысының өнеркәсіп өндірісіндегі қаланың үлесі 19,2 % құрады.
Тау-кен өндіру өнеркәсібі өндірісінің көлемі 45 776,7 млн. теңге. НКИ – 116,9 %. Жалпы көлемдегі үлес салмағы – 23,4 %.
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 132 875,1 млн. теңге. НКИ – 89,6 %. Жалпы көлемдегі үлес салмағы – 67,9 %.
Жылу, электр энергиясы, газ және су өндіру және тарату көлемі 14 832,2 млн. теңгені құрады, НКИ – 97,7 %. Жалпы көлемдегі үлес салмағы – 7,6 %.
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау көлемі 2 278,2 млн. теңгені құрады. НКИ – 102,3 %. Үлес салмағы – 1,2 %.
Қаланың ірі және орта кәсіпорындарында, атап айтқанда «Қазақалтын» ТКМК» АҚ-да 39,9 %, «Қазақалтын Technology» ЖШС-де 45,9 %, «Степногорск ЖЭО» ЖШС-де 23,3 %, «Astana-Nan Chemikals» ЖШС-де 3,3 %, «Нефтяной Дом «Астана-Ойл» ЖШС-де 72,9 % өндірістің өсуі байқалады.
Сонымен қатар, «ЕПК Степногорск» АҚ-да өндіріс көлемі 28,2 %, «SSAP» ЖШС-де 6,5 %, «СТКХК» ЖШС-де 6,3 % төмендеді.
2020 жылы Ақмола облысының Кәсіпкерлікті қолдау картасының 2 жобасы пайдалануға берілді: «Топырақ құнарлылығын арттыру үшін «БиоАзоФосфит» кешенді биотыңайтқыш» («Биотрон Групп» ЖШС, құны 240 млн. теңге), «Бұрын пайдалануда болған аккумуляторларды қорғасынға қайта өңдеу бойынша цех салу» («Промзащита» ЖШС, құны 872,9 млн. теңге).
Республикалық карта және Ақмола облысының кәсіпкерлікті дамыту Картасы шеңберінде 91 809,6 млн. теңге немесе өткен жылдың кезеңіне 139 % (2019 жылы – 66 269,7 млн. теңге) тауарлық өнім өндірілді, картаға қатысушы кәсіпорындар өндірісінің үлес салмағы қаланың өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлемінде 46 % құрады (2019 жылы – 39,5 %). Қабылданған шаралар қаланы дамытудың негізгі көрсеткіштері мен индикаторларының өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
2020 жылы Степногорск қаласы бойынша түсімдер 11 071 314,1 мың теңгені құрады, оның ішінде кірістер бойынша – 10 383 678,3 мың теңге. Степногорск қаласы бюджетінің шығыс бөлігі 2020 жылдың қорытындысы бойынша 100 %-ға орындалды, 10 631 840,8 мың теңге сомасындағы қаражат немесе 100 % игерілді, оның ішінде 63 151,5 мың теңге сомасындағы бюджеттік кредиттер немесе 100 %, 5 875,0 мың теңге сомасындағы қаржылық активтерді сатып алу және 3 264,8 мың теңге сомасындағы қарыздарды өтеу немесе 100 %.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 132-бабын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Степногорск қаласының 2020 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы «Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің есебі негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Степногорск қаласының бюджетін жоспарлау және атқару жөніндегі уәкілетті органның 2020 жылға арналған қала бюджетінің атқарылуы туралы баяндамасы назарға алынсын.
2. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының Степногорск қаласы бюджетінің 2020 жылға атқарылуы туралы есебі бекітілсін.
3. «Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің ұсынымдарын ескере отырып, Степногорск қаласының 2020 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есеп келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 10 056 687,4 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 3 841 180 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 92 871,3 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 78 366,3 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 6 044 269,8 мың теңге;
2) шығындар – 10 281 977,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 59 731,6 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 63 151,5 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 3 419,9 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 5 875 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 5 875 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 290 897 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 290 897 мың теңге.
4. Ақсу кентінің 2020 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есеп келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 42 883,2 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 11 924 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 2 705 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 28 253,7 мың теңге;
2) шығындар – 59 107,6 мың теңге;
3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – - 16 224,4 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – - 16 224,4 мың теңге.
5. Бестөбе кентінің 2020 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есеп келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 97 156,9 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 22 629,2 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 108,7 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 74 419 мың теңге;
2) шығындар – 81 534 мың теңге;
3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – 15 623 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – - 15 623 мың теңге.
6. Заводской кентінің 2020 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есеп келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 39 879,9 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 12 456,8 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 530 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 26 893,1 мың теңге;
2) шығындар – 65 926,2 мың теңге;
3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – - 26 046,3 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 26 046,3 мың теңге.
7. Шаңтөбе кентінің 2020 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есеп келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 38 247,2 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 6 942,9 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 659,7 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 30 644,5 мың теңге;
2) шығындар – 36 329,7 мың теңге;
3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – - 1 917,5 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – - 1 917,5 мың теңге.
8. Қарабұлақ ауылының 2020 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есеп келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 46 648,1 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 206,5 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0,2 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 45 441,5 мың теңге;
2) шығындар – 46 062,8 мың теңге;
3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – - 585,3 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – - 585,3 мың теңге.
9. Изобильный ауылының 2020 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есеп келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 22 129,8 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 565,2 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 387,5 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 21 177,1 мың теңге;
2) шығындар – 21 845,5 мың теңге;
3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – - 284,3 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – - 284,3 мың теңге.
10. Қырық құдық ауылының 2020 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есеп келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 23 298,1 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 495,4 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 22 802,7 мың теңге;
2) шығындар – 22 874,4 мың теңге;
3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – 423,6 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 423,6 мың теңге.
11. Бөгенбай ауылдық округінің 2020 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есеп келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 16 747,7 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 788,9 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0,3 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 15 958,5 мың теңге;
2) шығындар – 16 182,8 мың теңге;
3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – 564,9 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – - 564,9 мың теңге.
12. Қала әкімдігіне:
1) әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға ең үздік және тиімді қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеуді және орындауды қамтамасыз ету. Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау сапасын арттыруға бағытталған шараларды қабылдау;
2) кірістер мен шығыстарды жоспарлау сапасын арттыруға, салықтық әкімшілендіруді жақсартуға, бюджетке берешекті азайтуға және жоюға бағытталған шараларды қабылдау;
3) табысты жұмыс істейтін кәсіпорындардың санын ұлғайта отырып, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерді пайдалану тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
13. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
14. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
Н. Әбілов Х. Кабар
2020 жылға арналған қала, кенттер, ауылдар және ауылдық округ бюджеттерін атқару туралы жылдық есепті бекіту туралыДата публикации
22 июня 2021