Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының төртінші сессиясының күн тәртібі туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Жетіншішақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының төртінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

1) 2020 жылға арналған қала, кенттер, ауылдар және ауылдық округ бюджеттерін атқару туралы жылдық есепті бекіту туралы;

Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты;

2) Жекелеген санаттағы адамдарға материалдық көмек көрсету бойынша қосымша шаралар белгілеу туралы;

Степногорск қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Алмат Қайыргелдіұлы Тұқмағанбетовтың ақпараты;

3) Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер телімдеріне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын беру жөніндегі жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы;

Степногорск қаласы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Дархан Қайырбайұлы Оспановтың ақпараты;

4) Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы;

Степногорск қаласы әкімі аппаратының басшысы Ермек Қуандықұлы Дәукеновтың ақпараты;

5) Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 6С-38/3 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Степногорск қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Ербол Ердәулетұлы Сейітмағановтың ақпараты;

6) Степногорск қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы;

Степногорск қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Ербол Ердәулетұлы Сейітмағановтың ақпараты;

7) Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы;

8) Жетінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат                                                                   Қалалық мәслихат

сессиясының төрағасы                                                            хатшысы

                                  Н. Әбілов                                                                                 Х. Кабар

Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының төртінші сессиясының күн тәртібі туралы
Дата публикации
22 июня 2021