Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1) үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-анасының біреуіне және басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз өтініш білдірген айдан бастап жүргізіледі;
2) шығындарды өтеу қаржыландырудың түсуіне байланысты өткен айға жеке оқыту жоспарына сәйкес оқу жылы барысында ай сайын жүргізіледі. Шығындарды өтеу тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектер қатарындағы кемтар баланың 18 жасқа толуы, қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, басқа аймаққа тұрақты тұрғылықты жерге кету), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Қалалық мәслихат Қалалық мәслихаттың
сессиясының төрағасы хатшысы
А. Смагин Ғ. Көпеева
КЕЛІСІЛГЕН
Степногорск қаласының әкімі М. Тақамбаев