Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 6С-61/2 «2021-2023 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Степногорск қалалық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 6С-61/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8299 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2021-2023 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, соның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 7 658 415,1 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 3 978 722 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 13 583 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 27 900 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 3 638 210,1 мың теңге;

2) шығындар – 8 487 367,3 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 13 793 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 17 502 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 3 709 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 89 642 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 89 642 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 932 387,2 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 932 387,2 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Степногорск қалалық мәслихат                           Степногорск қалалық

сессиясының төрағасы                                          мәслихатының хатшысы

                                         А. Гетманов                                                    Х. Кабар

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

 

Степногорск қаласының әкімдігі

 

Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 6С-61/2 «2021-2023 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
26 апреля 2021