Степногорск қаласы аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Степногорск қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Т.А. Волчектің ақпаратын тыңдап және талқылап, Степногорск қалалық мәслихаты Қала аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 287 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізгі ұлттық индикаторларының Стратегиялық картасының орындалуын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтеді.
Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде Степногорск қаласының әкімдігі 2013-2015 жылдарға, содан кейін 2015-2017 жылдарға арналған кешенді даму жоспарын әзірледі, оны 2016 жылғы шілдеде өзектендірді. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің хатына сәйкес, кәсіпкерлік бөлімі қаланың 2015-2017 жылдарға арналған кешенді даму жоспарын қала аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасымен ықпалдастыру бойынша жұмыс жүргізді. Өзгерістер қалалық мәслихат сессиясының 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 6С-14/2 шешімімен енгізілді.
Қалалық мәслихат сессиясының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы №6С-24/6 шешімімен Бағдарламаға Ақсу және Бестөбе кенттерінде «Қазақалтын Technology» ЖШС алтын өндіру фабрикаларының құрылысы бойынша 2 «зәкірлік» инвестициялық жоба енгізілді. Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының аудиторлық тексеруінің қорытындысы бойынша 2018 жылғы 4 мамырда қалалық мәслихаттың № 6С-27/5 шешімімен Бағдарламаға өзгерістер енгізілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 18 желтоқсандағы № 104 бұйрығымен бекітілген жаңа базалық көрсеткіштер тізбесіне, Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 31 «Аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының аумақтарын дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларының тізбесін бекіту туралы» бұйрығына және қалалық мәслихат сессиясының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 6С-48/4 шешіміне сәйкес Бағдарламаға өзгерістер енгізілді.
Бағдарламаның мақсаты халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру, Степногорск қаласының кеңістіктік және инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ету, 5 бағыт бойынша мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесінің тиімділігін арттыру болып табылады.
2016 жылдың қорытындысы бойынша бағдарламада 21 мақсат, 76 нысаналы индикатор көзделген, оларға 100 % қол жеткізілген. Осыған ұқсас, 2017 жылы 21 мақсат пен 78 индикаторға 100 % қол жеткізілді. 2018 жылы бағдарламада 21 мақсат, 78 нысаналы индикатор көзделген, оның ішінде жыл қорытындысы бойынша 9 индикаторға қол жеткізілген жоқ. 2019 жылы бағдарламада 16 мақсат және 34 индикатор көзделген, жыл қорытындысы бойынша 29 индикатор атқарылды, 5 индикаторға қол жеткізілген жоқ. 2020 жылдың қорытындысы бойынша нысаналы индикаторлардың 6 жоспарлы мәніне қол жеткізілген жоқ.
2016-2020 жылдар кезеңінде Бағдарламаның нысаналы индикаторларының жоспарлы мәндерінің орындалмауы объективті себептер бойынша қалыптасты, бұл Степногорсктың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі әсер еткен жоқ. Бағдарламаның іске асырылуына мониторингті қаланың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы ретінде кәсіпкерлік бөлімі бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдармен бірлесіп, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейінгі мерзімде жыл сайын жүргізіледі.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Т.А. ВолчектіңСтепногорск қаласыаумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы ақпараты назарға алынсын.
2. 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде бағдарламаның нысаналы индикаторларының жоспарлы мәндерінің орындалмауы объективті себептер бойынша қалыптасқанын және Степногорсктың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі әсер етпегені атап өтілсін.
3. Қала әкімдігіне қалааумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мониторингін бақылауға алу, барлық мақсаттар мен нысаналы индикаторлардың толық және сапалы орындалуына қол жеткізу ұсынылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Қалалық мәслихат Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
А. Гетманов Х. Кабар
Степногорск қаласы аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралыДата публикации
26 апреля 2021