Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 6С-38/3 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес, Степногорск қалалық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 16 қарашадағы № 16/31, 2020 жылғы  24 қарашадағы № 20/35, 2020 жылғы 25 қарашадағы № 23/38, 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 31/46 қаулыларының негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

1. Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 6С-38/3 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

№ 63 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Әйгерім Мейрамбекқызы Әбілхайырдың орнына «ADAL» саяси партиясы Ақмола облыстық филиалы ұсынған Лариса Әліпбекқызы Әбдіжанова сайлансын;

№72 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Валентина Сергеевна Ковальчуктің орнына «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» Ақмола облыстық филиалы ұсынған Галина Михайловна Герасим сайлансын;

№ 76 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Людмила Владимировна Крестованың орнына «Қазақстанның халық партиясы» Ақмола облыстық филиалы ұсынған Райгүл Жұмабайқызы Қабиденова сайлансын;

№ 76 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Ольга Олеговна Рыбакованың орнына «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Степногорск қалалық филиалы ұсынған Қарлығаш Сағатқызы Жәкішева сайлансын;

№79 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Татьяна Федоровна Романовнаның орнына «Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы» Ақмола облыстық филиалы ұсынған Владимир Вячеславович Горбунов сайлансын;

№ 83 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Игорь Геннадьевич Тищенконың орнына «Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы» Ақмола облыстық филиалы ұсынған Екатерина Готлибовна Ризун сайлансын;

№ 86 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Гүлжан Төлегенқызы Мазанованың орнына «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» Ақмола облыстық филиалы ұсынған Айгүл Қайырбекқызы Сатанова сайлансын;

№ 89 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Фатима Қуанышбекқызы Әлімжанованың орнына «Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы» Ақмола облыстық филиалы ұсынған Айнагүл Хамитқызы Жүкенова сайлансын.

2. Осы шешімнің көшірмесі Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясына жолдансын.

3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат                                                                                         Қалалық мәслихат

сессиясының төрағасы                                                                                  хатшысы

                                А. Гетманов                                                                                                       Х. Кабар

Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 6С-38/3 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
23 апреля 2021