Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының екінші (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының екінші (кезектен тыс) сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1) Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы жұмысы туралы;
Степногорск қалалық мәслихатының депутаты Олжас Аманжолұлы Жағыпаровтың ақпараты;
2) Қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамын бекіту туралы;
Степногорск қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Ербол Ердәулетұлы Сейітмағановтың ақпараты;
3) Қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамын бекіту туралы;
Степногорск қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Ербол Ердәулетұлы Сейітмағановтың ақпараты;
4) Қалалық мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамын бекіту туралы;
Степногорск қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Ербол Ердәулетұлы Сейітмағановтың ақпараты;
5) Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 6С-38/3 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Ербол Ердәулетұлы Сейітмағановтың ақпараты;
6) Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы бюджеттік комиссияның құрамын бекіту туралы;
Степногорск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
А. Гетманов Х. Кабар
Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының екінші (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібі туралыДата публикации
23 апреля 2021