Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының бірінші сессиясының күн тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетіншішақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының бірінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1) Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының депутаттарын кезекті сайлау қорытындысы туралы.
2) Степногорск қалалық мәслихатында «Nur Otan» партиясы депутатық фракциясын тіркеу туралы.
3) Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының хатшысын сайлау туралы.
4) Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру туралы.
5) Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы.
6) Жетінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы О. Жағыпаров
Жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының бірінші сессиясының күн тәртібі туралыДата публикации
22 апреля 2021