Есіл ауданы мәслихатының кезекті сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабы 2 тармағына, 19-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, 2026 жылдың 16 қыркүйегінде сегізінші шақырылған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының кезекті қырық алтыншы сессиясы келесі күн тәртібімен шақырылсын:
- Амангелді ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 36/534 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Алматы ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 37/541 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 37/546 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Корнеевка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 37/553 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №27/314 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Волошинка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 37/545 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Николаевка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 37/550 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.