Есіл ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабы 2 тармағына, 19-бабы 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес 2026 жылдың 1 сәуірінде Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының сегізінші шақырылған мәслихатының кезектен тыс қырқыншы сессиясы келесі күн тәртібімен шақырылсын:
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 1 наурыздағы №14/219 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 15/227 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 15/228 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 15/230 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.