Есіл ауданы мәслихатының кезекті сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабы 2 тармағына, 19-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес 2025 жылдың 19 желтоқсанында сегізінші шақырылған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының кезекті отыз алтыншы сессиясы келесі күн тәртібімен шақырылсын:
- Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Алматы ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 8 мамырдағы № 27/415 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 8 мамырдағы № 27/429 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
- Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының экономика және бюджет саясаты мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысы туралы есеп.
- Есіл ауданы мәслихаты аппаратының құрылымы, штат саны және Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2026 жылға арналған шығыстарының жалпы сметасы туралы.
- Есіл ауданы мәслихаты сессияларының қарауына 2026 жылы енгізілетін негізгі сұрақтардың тізбесі туралы.