Есіл ауданы мәслихатының кезекті сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабы 2 тармағына, 19-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, 2025 жылғы 30 қыркүйекте сегізінші шақырылған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының кезекті отыз үшінші сессиясы келесі күн тәртібімен шақырылсын:
- Бұлақ ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы.
- Заградовка ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы.
- 2024 жылы және 2025 жылдың есепті кезеңінде мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйлер құрылысы жөнінде жасалған жұмыстар туралы.
- Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 5 мамырдағы № 27/414 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бұлақ ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 8 мамырдағы № 27/418 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.