«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабы 2 тармағына, 19-бабы 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес 2025 жылдың 30 мамырында Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының сегізінші шақырылған мәслихатының кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясы келесі күн тәртібімен шақырылсын:
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 5 мамырдағы № 27/414 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Алматы ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 8 мамырдағы № 27/415 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 8 мамырдағы № 27/420 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 8 мамырдағы № 27/425 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.