«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабы 2 тармағына, 19-бабы 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес 2025 жылдың 22 мамырында Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының сегізінші шақырылған мәслихатының кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясы келесі күн тәртібімен шақырылсын:
- Солтүстік Қазақстан облысы Явленка ауылының жер телімдерінің және Есіл ауданының ауылдық елді мекендердің төлемақылық базалық ставкаларына арналған түзету коэффициенттерін және бағалау аймақтарының шекараларын, жерлерді аймақтандыру жобасын (схемасын) бекіту туралы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 22/113 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.