Ағымдағы жылдың 19 ақпанында Есіл ауданының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Қоғамдық кеңес отырысының жұмысына Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Жанмурзина Нұргүл Эриковна, «СҚО Есіл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» КММ мемлекеттік инженер-инспекторы Бондарцов Александр Анатольевич, ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі бас маманы Алмагүл Амантайқызы Октябрь, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерімен айналысатын бөлімдер мамандары қатысты
Келесі мәселелер қарастырылды:
1. «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Есіл ауданы әкімі аппаратының бас маманы А.А. Октябрьдің ақпараты;
2. «СҚО Есіл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» КММ бас маманы мемлекеттік инженер-инспекторы Александр Анатольевич Бондарцовтың ақпараты.
Отырыс қорытындысы бойынша толықтыруларды ескере отырып, тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.