30 қаңтар күні жұмыс тобы қалыптастырған және мәслихат төрағасының өкімімен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өткізілді.
Отырыс жұмысының барысында үш мәселе қаралды:
1.Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасын сайлау туралы;
2. Қоғамдықкеңестуралы ережені бекіту туралы;
3. Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарын бекіту туралы.
Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің төрағасы болып Оспанов Ертай Ебікейұлы бірауыздан сайланды.